Өңірлер

Түркістан облысында тауда тағы бір адамның мәйіті табылды

Құтқарушылар мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен су түбінен тапты. Оқиға орнына тікұшақ бет алды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты "Сайрам-Өгем" шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды.

22 маусым сағат 11.50-де Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапқан. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Түркістан облысында тауда тағы бір адамның мәйіті табылды

Мүрдені тасымалдау үшін "Қазавиақұтқару" тікұшағы оқиға орнына бара жатыр. Табылған мәйіт сараптама жасау үшін полицияға тапсырылады.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында жоғалып кеткен жігіттің денесін тас басып қалған

Ведомство ақпаратынша, жоғалған туристерді іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақ жұмылдырылды.

Еске салсақ, 25 мамыр сағат 18.30-да "112" пультіне Түркістан облысында тауда жеті туристің жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Іздестіру жұмыстары 27 тәулік бойы жалғасты. Үш турист аман-есен отбасымен қауышса, тағы үшеуінің мәйіті табылған болатын.