Өңірлер

Түркістан облысында тауда тағы бір адамның мәйіті табылды

© Photo : МЧС КазахстанаТүркістан облысында жоғалған туристерді іздеу жұмыстары
Түркістан облысында жоғалған туристерді іздеу жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2021
Жазылу
Құтқарушылар мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен су түбінен тапты. Оқиға орнына тікұшақ бет алды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты "Сайрам-Өгем" шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды.

22 маусым сағат 11.50-де Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапқан. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

© Photo : МЧС КазахстанаТүркістан облысында тағы бір адамның мәйіті табылды
Түркістан облысында тауда тағы бір адамның мәйіті табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2021
Түркістан облысында тағы бір адамның мәйіті табылды

Мүрдені тасымалдау үшін "Қазавиақұтқару" тікұшағы оқиға орнына бара жатыр. Табылған мәйіт сараптама жасау үшін полицияға тапсырылады.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында жоғалып кеткен жігіттің денесін тас басып қалған

Ведомство ақпаратынша, жоғалған туристерді іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақ жұмылдырылды.

Еске салсақ, 25 мамыр сағат 18.30-да "112" пультіне Түркістан облысында тауда жеті туристің жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Іздестіру жұмыстары 27 тәулік бойы жалғасты. Үш турист аман-есен отбасымен қауышса, тағы үшеуінің мәйіті табылған болатын.

Жаңалықтар
0