Экономика

Зейнетақы мен жәрдемақы 10-12%-ке индексацияланды – Мамин

Сонымен қатар ол мұғалімдердің жалақысы 25%-ке, медицина қызметкерлерінің айлығы 50%-ке дейін өскенін атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин былтыр үкімет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін толық орындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елдегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарамастан, біз халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемені орындадық. Зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 10-12%-ке индексацияланды", - деді Мамин парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Сонымен қатар ол мұғалімдердің жалақысы 25%-ке, медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ мәдениет және архив істері қызметкерлерінің айлығы 50%-ке, құқық қорғау және арнайы қызметтер қызметкерлерінің еңбекақысы 30-дан 70%-ке дейін өскенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Мамин халықтың табысы 5%-ке өсетінін айтты 

Бұған қоса премьер төтенше жағдай және карантин кезінде халықтың табысын қолдау мақсатында 42 500 теңге әлеуметтік көмек көрсетілгенін еске салды. Бұл әлеуметтік төлемді 4,6 миллион адам алған.

Тұрмысы төмен 1,1 миллион азаматқа азық-түлік жиынтығы түрінде қолдау көрсетілді.