Экономика

Мамин халықтың табысы 5%-ке өсетінін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, монеты
Деньги, тенге, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2021
Жазылу
Үкіметтің алдында 2021 жылдың қорытындысы бойынша экономика өсімін 3,5-4,0% деңгейінде қамтамасыз ету міндеті тұр

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. 2021 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың нақты табысы 5 процентке артады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2021 жылдың қорытындысы бойынша үкіметтің алдында экономика өсімін 3,5-4,0% деңгейінде қамтамасыз ету және 1,2 миллион адамды жұмыспен қамту шараларын іске асыру міндеті тұр. Бұл халықтың нақты табысын 5%-ке арттыруға мүмкіндік береді", - деді Мамин парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Айтуынша, үкімет сонымен қатар 8 триллион теңгеге 415 инвестициялық жобаны іске асырады.

17 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, 200 мектеп салу және 30 медпункт ашу, 6 мың шақырым автожол салу және жөндеу,  қаладағы халықты ауыз сумен 98%-ке және ауылда 91,8%-ке қамтамасыз ету жоспарланған.

Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін пайдалану үшін 1 050 шақырым каналды жөндеу жоспарланып отыр, бұл суарылатын жерлерді 78 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді, деді премьер.

Жаңалықтар
0