Қоғам

Жамбыл облысындағы зауыт қыркүйектен бастап миллион доза вакцина шығарады

Коронавирусқа қарсы отандық Qazvac вакцинасын дайындайтын Жамбыл облысындағы зауыт қыркүйекте бір миллион доза көлемінде вакцина партиясын шығарады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым — Sputnik. Қыркүйекте Жамбыл облысындағы вакцина дайындайтын зауыт Qazvac қазақстандық вакцинасының бір миллион дозасын шығаруды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев.

Наурызда барлық құрылыс-монтаждау, әрлеу және қосалқы жұмыс аяқталып, инфрақұрылым – жылу, газ, су жүргізілді. Сапарбаевтың айтуынша, АҚШ пен Қытайдан тапсырыс берген жабдықты жеткізуде қиындық туындаған.

"Қыркүйекте өзіміздің қазақстандық вакцинамызды шығаратын боламыз. Сәуір-мамырда 50 мың доза, маусымда – жүз мың, шілде-қыркүйекте – 500 мыңнан және қыркүйектен бастап бір миллион  доза вакцина дайындалады", - деді өңір басшысы.

Зауыт COVID-19 коронавирусымен қатар адамдар мен жануарлардағы басқа да ауруларға қарсы вакцина шығарумен айналысатын болады.

Оқи отырыңыз: QazVAC вакцинасын әзірлеушілер марапатталды