НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым — Sputnik. Қыркүйекте Жамбыл облысындағы вакцина дайындайтын зауыт Qazvac қазақстандық вакцинасының бір миллион дозасын шығаруды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев.
Наурызда барлық құрылыс-монтаждау, әрлеу және қосалқы жұмыс аяқталып, инфрақұрылым – жылу, газ, су жүргізілді. Сапарбаевтың айтуынша, АҚШ пен Қытайдан тапсырыс берген жабдықты жеткізуде қиындық туындаған.
"Қыркүйекте өзіміздің қазақстандық вакцинамызды шығаратын боламыз. Сәуір-мамырда 50 мың доза, маусымда – жүз мың, шілде-қыркүйекте – 500 мыңнан және қыркүйектен бастап бір миллион доза вакцина дайындалады", - деді өңір басшысы.
Зауыт COVID-19 коронавирусымен қатар адамдар мен жануарлардағы басқа да ауруларға қарсы вакцина шығарумен айналысатын болады.
Оқи отырыңыз: QazVAC вакцинасын әзірлеушілер марапатталды