Өңірлер

Тағы бір жантүршігерлік жол апаты: Түркістан облысында 7 адам мерт болды

Екі көлік соқтығысып, жеті адам оқиға орнында қайтыс болды, біреуі жансақтау бөліміне жеткізілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым - Sputnik. Түркістан облысында полиция 7 адамның өмірін қиған жол апатына байланысты тергеу бастады.

Қайғылы оқиға Созақ ауданындағы Екпінді мен Бірлік ауылдарының арасында болды. Таңертеңгі сағат 11 шамасында екі көлік - "Лада Приора" мен Фольксваген Гольф соқтығысты.

Салдарынан Шымкент қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындары - екі жүргізуші, сондай-ақ олардың бес жолаушысы қайтыс болды, деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның батысында екі мектеп директоры жол апатынан қаза болды

Тағы бір зардап шеккен адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауда.