16:35 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
6459 0 0

Көлік салонында төрт мектеп директоры болған, олардың біреуі рөлде отырған. Жүргізуші мен жолаушылардың біреуі оқиға орнында көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатынан екі мектеп директоры ажал құшты.

Тағы екеуі түрлі жарақатпен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды өңірлік "Мой город" басылымы.

Төрт директор Ойыл ауданының қасиетті жерлеріне демалуға барған. Үйге қайтарда жантүршігерлік жол апатына түсті.

Директора школ разбились в смертельном ДТП на западе в Казахстана
© Photo : Департамент полиции Актюбинской области
Қазақстанның батысында мектеп директорлары жол апатына түсті

Әріптестері №20 мектеп директоры Бағдат Үрімбаеваның көз жұмғанын айтты. Марқұмның артында екі қызы қалған. Сондай-ақ №33 мектеп директоры Альмира Орақова мерт болды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті трагедияның мән-жайын хабарлады.

Анықталғандай, көлік сенбі күні кешке Қобда-Ойыл тас жолының 156 шақырымында аударылған. Жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұзып, рөлге ие бола алмай қалған. Көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырды.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында жантүршігерлік апаттан жеті адам көз жұмды

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тақырып бойынша

Ақтөбеде әйел жол апатынан көз жұмды: полиция куәгерлерді іздеп жатыр
Батыс Қазақстанда жол апатынан кейін бірден бес адам жансақтау бөліміне түсті
Нұр-Сұлтанда жол апатынан жүргізуші көз жұмды
Рөлді жұлып кетті: Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті
Кілт сөздер:
мектеп директорлары, жол апаты
Загрузка...

Басты тақырып