Фото

Royal Ascot ат жарысындағы ерекше бас киімдер – фото

Sputnik

Алғаш рет мұндай күн 1832 жылы енгізілді де, сол шақтан бері ағылшындардың ең сәнді шарасына айналды.

Әйелдер күні – бұл патшайымның көңіл аударуы үшін қыз-келіншектер арасында өтетін жарыс. Әйелдер күнінің қорытындысы бойынша Елизавета ІІ патшайым есте қаларлықтай ең сәнді киім үлгісін киген аруды марапаттайды.

Мұндай киім үлгісін ойлап табу да оңай шаруа емес. Бір жағынан бәріне ортақ дресс-кодты сақтап, мейлінше қатаң стильді сақтауға тырысу керек, екінші жағынан шляпа дизайны бойынша ешқандай шектеу жоқ. Ал осы жылдан бастап Royal Ascot жарысына ер адамдар – көйлек, әйелдер – шалбар киіп келе алады. Бірақ дресс-код сақталуы шарт.

Жалпы Royal Ascot төңірегінде аңыз-әңгіме де, салт-дәстүр де көп. Оны танымал тұлғалар мен патшайымдар отбасы қолдап келеді.

Ең басты аңыз – ипподромның құрылу тарихы. Оның негізін қалаған Анна патшайым атпен серуендеп келе жатып, бос жатқан аумақты байқап қалады. Бұл 1711 жылы болған оқиға. Араға бір жыл салып дәл сол жерде алғашқы ат жарысы өтеді. Ол шара ағылшын элитасының ішінде жоғары деңгейде танымал болған.

Бұл ипподромды британдық тақтың иесі – ханзада Уильям шыққан адамдар басқарған.

1 / 12
Актерлер Ребекке Джонсон мен Брайан Манн Аскоттағы корольдік ат жарысының бірінші күнінде фотографтардың сұрауымен суретке түсіп тұр. Англия.
2 / 12
Royal Ascot ат жарысының тарихы үш жүз жылдан астам уақытты қамтиды. 1711 жылы ипподромның негізін қалаған Анна патшайым атпен серуендеп келе жатып, бос жатқан аумақты байқап қалады.
3 / 12
Британдық басқарушы әулет бұл жазық даланы 558 фунтқа сатып алған. Аскот ипподромының жобасы XVIII ғасырдың ортасында әзірленгенімен, ол 1960 жылы ғана заманауи үлгіде қайта жабдықталды. 2004-2006 жылдар аралығында оған реновация жүргізілді. Алайда бұл жағдай ат жарысын тоқтатуға себеп болған жоқ. Елизавета ІІ патшайым уақытша бұл шараны Йоркке ауыстырды.
4 / 12
Корольдік Royal Ascot ат жарысындағы дресс-код ғасырлар бойы қалыптасып келді. Осы жылы ер адамдар – көйлек, әйелдер – шалбар киіп келуіне болатыны сияқты жаңа ережелердің енгізілуіне қарамастан, басты дресс-код бұзылмай келеді.
5 / 12
Шляпа, яғни қалпақшалар да – Аскоттағы бәйгенің бір бөлшегі. Дресс-код талабы бойынша шляпаның астыңғы тірек бөлігінің көлемі 10 сантиметрден кем болмауы керек.
6 / 12
Аскоттағы ат жарысы кезінде дәстүр бойынша Ladies Day өтеді де, оның аясында аристократ қыз-келіншектер шляпаларының көлемі мен дизайны бойынша жарысқа түседі. Әйелдер күні алғаш рет 1823 жылы енгізілген болатын. Сол уақыттан бері ат бәйгесіне келгендер жарыспен қатар сән тақырыбын да қызу талқылап келеді. Ат жарысының үшінші күнінде қыз-келіншектер патшайымның олардың киім үлгісіне көңіл аударуы үшін жарысқа түседі. Жыл сайын дәл осы күні Елизавета ІІ патшайым ең ерекше, сәнді әрі жарасымды шляпа иесін марапаттайды.
7 / 12
Аскотта әрбір елуінші жылы, кейде король ауысқан сайын өзгерістер енгізіліп тұрған. Бірақ дресс-код пен шляпа еш өзгеріске ұшыраған емес.
8 / 12
Аскоттағы корольдік ат жарысы секілді консервативті салаға да техника жеткені байқалады.
9 / 12
Коронавирус пандемиясы да ережелерді қайта қарауға мәжбүр етті. Сондықтан биылғы Royal Ascot әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде тағуды қарастырды.
10 / 12
Royal Ascot жарысына қатысу үшін шляпа мен фасинаторды ажырата білу керек. Себебі Анна патшайымның демалыс орнына тек шляпа киген сұлулар ғана кіре алады.
11 / 12
Шляпалар дизайны бойынша еркіндік берілгенімен, оның дресс-кодқа сәйкес қатаң әрі кербездікті паш ететін стильде болуы міндетті.
12 / 12
Аскоттағы ат жарысы кезінде патшайымды күнде көруге болады. Дәстүр бойынша Royal Ascot кезінде патша әулеті Виндзор сарайынан ашық жеңіл арбамен келеді.