Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Royal Ascot ат жарысындағы ерекше бас киімдер – фото

Жазылу
Британияда өтетін ең танымал корольдік ат жарысы Royal Ascot кезінде бейсенбі дәстүр бойынша Әйелдер күні деп саналады

Алғаш рет мұндай күн 1832 жылы енгізілді де, сол шақтан бері ағылшындардың ең сәнді шарасына айналды.

Әйелдер күні – бұл патшайымның көңіл аударуы үшін қыз-келіншектер арасында өтетін жарыс. Әйелдер күнінің қорытындысы бойынша Елизавета ІІ патшайым есте қаларлықтай ең сәнді киім үлгісін киген аруды марапаттайды.

Мұндай киім үлгісін ойлап табу да оңай шаруа емес. Бір жағынан бәріне ортақ дресс-кодты сақтап, мейлінше қатаң стильді сақтауға тырысу керек, екінші жағынан шляпа дизайны бойынша ешқандай шектеу жоқ. Ал осы жылдан бастап Royal Ascot жарысына ер адамдар – көйлек, әйелдер – шалбар киіп келе алады. Бірақ дресс-код сақталуы шарт.

Жалпы Royal Ascot төңірегінде аңыз-әңгіме де, салт-дәстүр де көп. Оны танымал тұлғалар мен патшайымдар отбасы қолдап келеді.

Ең басты аңыз – ипподромның құрылу тарихы. Оның негізін қалаған Анна патшайым атпен серуендеп келе жатып, бос жатқан аумақты байқап қалады. Бұл 1711 жылы болған оқиға. Араға бір жыл салып дәл сол жерде алғашқы ат жарысы өтеді. Ол шара ағылшын элитасының ішінде жоғары деңгейде танымал болған.

Бұл ипподромды британдық тақтың иесі – ханзада Уильям шыққан адамдар басқарған.

© AP Photo / Alastair GrantАктерлер Ребекке Джонсон мен Брайан Манн Аскоттағы корольдік ат жарысының бірінші күнінде фотографтардың сұрауымен суретке түсіп тұр. Англия.
Зрители на скачках Royal Ascot в Англии - Sputnik Қазақстан
1/12
Актерлер Ребекке Джонсон мен Брайан Манн Аскоттағы корольдік ат жарысының бірінші күнінде фотографтардың сұрауымен суретке түсіп тұр. Англия.
© AFP 2024 / Daniel Leal-OlivasRoyal Ascot ат жарысының тарихы үш жүз жылдан астам уақытты қамтиды. 1711 жылы ипподромның негізін қалаған Анна патшайым атпен серуендеп келе жатып, бос жатқан аумақты байқап қалады.
Зрительницы на скачках Royal Ascot в Англии - Sputnik Қазақстан
2/12
Royal Ascot ат жарысының тарихы үш жүз жылдан астам уақытты қамтиды. 1711 жылы ипподромның негізін қалаған Анна патшайым атпен серуендеп келе жатып, бос жатқан аумақты байқап қалады.
© AFP 2024 / Daniel Leal-OlivasБритандық басқарушы әулет бұл жазық даланы 558 фунтқа сатып алған. Аскот ипподромының жобасы XVIII ғасырдың ортасында әзірленгенімен, ол 1960 жылы ғана заманауи үлгіде қайта жабдықталды. 2004-2006 жылдар аралығында оған реновация жүргізілді. Алайда бұл жағдай ат жарысын тоқтатуға себеп болған жоқ. Елизавета ІІ патшайым уақытша бұл шараны Йоркке ауыстырды.
Зрительница на скачках Royal Ascot в Англии - Sputnik Қазақстан
3/12
Британдық басқарушы әулет бұл жазық даланы 558 фунтқа сатып алған. Аскот ипподромының жобасы XVIII ғасырдың ортасында әзірленгенімен, ол 1960 жылы ғана заманауи үлгіде қайта жабдықталды. 2004-2006 жылдар аралығында оған реновация жүргізілді. Алайда бұл жағдай ат жарысын тоқтатуға себеп болған жоқ. Елизавета ІІ патшайым уақытша бұл шараны Йоркке ауыстырды.
© AP Photo / Alastair GrantКорольдік Royal Ascot ат жарысындағы дресс-код ғасырлар бойы қалыптасып келді. Осы жылы ер адамдар – көйлек, әйелдер – шалбар киіп келуіне болатыны сияқты жаңа ережелердің енгізілуіне қарамастан, басты дресс-код бұзылмай келеді.
Британская телеведущая Шарлотта Хокинс позирует в первый день скачек Royal Ascot в Аскоте, Англия - Sputnik Қазақстан
4/12
Корольдік Royal Ascot ат жарысындағы дресс-код ғасырлар бойы қалыптасып келді. Осы жылы ер адамдар – көйлек, әйелдер – шалбар киіп келуіне болатыны сияқты жаңа ережелердің енгізілуіне қарамастан, басты дресс-код бұзылмай келеді.
© AP Photo / Alastair GrantШляпа, яғни қалпақшалар да – Аскоттағы бәйгенің бір бөлшегі. Дресс-код талабы бойынша шляпаның астыңғы тірек бөлігінің көлемі 10 сантиметрден кем болмауы керек.
Зрительница на скачках Royal Ascot в Англии - Sputnik Қазақстан
5/12
Шляпа, яғни қалпақшалар да – Аскоттағы бәйгенің бір бөлшегі. Дресс-код талабы бойынша шляпаның астыңғы тірек бөлігінің көлемі 10 сантиметрден кем болмауы керек.
© REUTERS / Andrew BoyersАскоттағы ат жарысы кезінде дәстүр бойынша Ladies Day өтеді де, оның аясында аристократ қыз-келіншектер шляпаларының көлемі мен дизайны бойынша жарысқа түседі. Әйелдер күні алғаш рет 1823 жылы енгізілген болатын. Сол уақыттан бері ат бәйгесіне келгендер жарыспен қатар сән тақырыбын да қызу талқылап келеді. Ат жарысының үшінші күнінде қыз-келіншектер патшайымның олардың киім үлгісіне көңіл аударуы үшін жарысқа түседі. Жыл сайын дәл осы күні Елизавета ІІ патшайым ең ерекше, сәнді әрі жарасымды шляпа иесін марапаттайды.
Зрители на скачках Royal Ascot в Англии - Sputnik Қазақстан
6/12
Аскоттағы ат жарысы кезінде дәстүр бойынша Ladies Day өтеді де, оның аясында аристократ қыз-келіншектер шляпаларының көлемі мен дизайны бойынша жарысқа түседі. Әйелдер күні алғаш рет 1823 жылы енгізілген болатын. Сол уақыттан бері ат бәйгесіне келгендер жарыспен қатар сән тақырыбын да қызу талқылап келеді. Ат жарысының үшінші күнінде қыз-келіншектер патшайымның олардың киім үлгісіне көңіл аударуы үшін жарысқа түседі. Жыл сайын дәл осы күні Елизавета ІІ патшайым ең ерекше, сәнді әрі жарасымды шляпа иесін марапаттайды.
© REUTERS / Andrew BoyersАскотта әрбір елуінші жылы, кейде король ауысқан сайын өзгерістер енгізіліп тұрған. Бірақ дресс-код пен шляпа еш өзгеріске ұшыраған емес.
Зрительница на скачках Royal Ascot в Англии - Sputnik Қазақстан
7/12
Аскотта әрбір елуінші жылы, кейде король ауысқан сайын өзгерістер енгізіліп тұрған. Бірақ дресс-код пен шляпа еш өзгеріске ұшыраған емес.
© REUTERS / Andrew BoyersАскоттағы корольдік ат жарысы секілді консервативті салаға да техника жеткені байқалады.
Зрители на скачках Royal Ascot в Англии - Sputnik Қазақстан
8/12
Аскоттағы корольдік ат жарысы секілді консервативті салаға да техника жеткені байқалады.
© AFP 2024 / Daniel Leal-OlivasКоронавирус пандемиясы да ережелерді қайта қарауға мәжбүр етті. Сондықтан биылғы Royal Ascot әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде тағуды қарастырды.
Участницы джазовой группы Tootsie Rollers позируют на скачках Royal Ascot - Sputnik Қазақстан
9/12
Коронавирус пандемиясы да ережелерді қайта қарауға мәжбүр етті. Сондықтан биылғы Royal Ascot әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде тағуды қарастырды.
© REUTERS / Peter Cziborra/Action ImagesRoyal Ascot жарысына қатысу үшін шляпа мен фасинаторды ажырата білу керек. Себебі Анна патшайымның демалыс орнына тек шляпа киген сұлулар ғана кіре алады.
Зрительница на скачках Royal Ascot в Англии - Sputnik Қазақстан
10/12
Royal Ascot жарысына қатысу үшін шляпа мен фасинаторды ажырата білу керек. Себебі Анна патшайымның демалыс орнына тек шляпа киген сұлулар ғана кіре алады.
© AP Photo / Alastair GrantШляпалар дизайны бойынша еркіндік берілгенімен, оның дресс-кодқа сәйкес қатаң әрі кербездікті паш ететін стильде болуы міндетті.
Зрительницы на скачках Royal Ascot в Англии - Sputnik Қазақстан
11/12
Шляпалар дизайны бойынша еркіндік берілгенімен, оның дресс-кодқа сәйкес қатаң әрі кербездікті паш ететін стильде болуы міндетті.
© AP Photo / Alastair GrantАскоттағы ат жарысы кезінде патшайымды күнде көруге болады. Дәстүр бойынша Royal Ascot кезінде патша әулеті Виндзор сарайынан ашық жеңіл арбамен келеді.
Зрительница на скачках Royal Ascot в Англии - Sputnik Қазақстан
12/12
Аскоттағы ат жарысы кезінде патшайымды күнде көруге болады. Дәстүр бойынша Royal Ascot кезінде патша әулеті Виндзор сарайынан ашық жеңіл арбамен келеді.
Жаңалықтар
0