Оқиға

Ақтөбеде әйел жол апатынан көз жұмды: полиция куәгерлерді іздеп жатыр

Тағы төрт адам, соның ішінде үш ересек және бір бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Ақтөбе қаласында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан 40 жастағы жолаушы көз жұмды.

Қайғылы оқиға 18 маусым кешкі 19:20-да болды, деп хабарлайды облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақтөбеде әйел жол апатынан көз жұмды: полиция куәгерлерді іздеп жатыр

Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі ГМЗ айналма тас жолымен Заречный-3 ауылына апаратын жаңа көпірге қарай солға бұрылу кезінде ресейлік есептегі ВАЗ2107 көлігімен соқтығысты.

Тағы оқыңыз: Көліктің быт-шыты шыққан: Алматыда бір адам көз жұмды

Жол апаты салдарынан ВАЗ2107 маркалы автокөлікте отырған 40 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды. Үш ересек және бір бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Ақтөбе облысының полициясы жол апатын көрген куәгерлерден мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 93-64-04, 8-775-832-07-98, 8-705-970-80-48 немесе Ақтөбе облысы ПД АБ №404 кабинетіне баруға болады.