Оқиға

Ақтөбеде әйел жол апатынан көз жұмды: полиция куәгерлерді іздеп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневПолиция және жедел жәрдем көліктері, архивтегі сурет
Полиция және жедел жәрдем көліктері, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2021
Жазылу
Тағы төрт адам, соның ішінде үш ересек және бір бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Ақтөбе қаласында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан 40 жастағы жолаушы көз жұмды.

Қайғылы оқиға 18 маусым кешкі 19:20-да болды, деп хабарлайды облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

© Photo : Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметіАқтөбедегі жол апаты
Ақтөбеде әйел жол апатынан көз жұмды: полиция куәгерлерді іздеп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2021
Ақтөбедегі жол апаты

Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі ГМЗ айналма тас жолымен Заречный-3 ауылына апаратын жаңа көпірге қарай солға бұрылу кезінде ресейлік есептегі ВАЗ2107 көлігімен соқтығысты.

Тағы оқыңыз: Көліктің быт-шыты шыққан: Алматыда бір адам көз жұмды

Жол апаты салдарынан ВАЗ2107 маркалы автокөлікте отырған 40 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды. Үш ересек және бір бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Ақтөбе облысының полициясы жол апатын көрген куәгерлерден мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 93-64-04, 8-775-832-07-98, 8-705-970-80-48 немесе Ақтөбе облысы ПД АБ №404 кабинетіне баруға болады.

Жаңалықтар
0