Қазақстандағы ең алғашқы оқу орны 1928 жылы осы қалада бой көтерген. Талай спортшының басын қосқан Медеу мұз айдыны да Алматыда тұр. Мәдени астанада өткен ғасырдың бірінші жартысында бой көтерген театрлар әлі күнге дейін көрерменін қуантып келеді. Алматы 1997 жылға дейін Тәуелсіз Қазақстанның астанасы болды, дәл осы қалада елдің алғашқы президентінің ұлықтау рәсімі өтіп, қызметіне ресми түрде осы жерде кірісті.
Қазір қалада екі миллионға жуық адам тұрады. Қаланың жер аумағы – 682 мың шаршы метр.
Тарихқа толы қаладағы ескі ғимараттардың фотосын Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.
1 / 33
Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры – Қазақстанда тұңғыш ашылған кәсіби музыкалық театр. 1933 жылы Бүкілодақтық байқауда жұмысы мәскеулік сәулетші Н.А.Кругловтың жобасы бойынша театрдың ғимаратының құрылысы 1936 жылы басталып, 1941 жылы аяқталды. 1941 жылы 7 қарашада театр өз ғимаратында жұмысын бастады. Осы жылы театр академиялық мәртебесін алып, 1945 жылы Абай есімі берілді. Театр 793 көрерменге лайықталған.
© Sputnik / Тимур Батыршин
2 / 33
Алматының айтулы орындарының бірі – Медеу спорт кешені. Ол қаладан 18 шақырым жерде Кіші Алматы шатқалында 1691,2 м биіктікте орналасқан.
© Sputnik / Тимур Батыршин Timur Batyrshin
3 / 33
Бұл жер табиғи мұз айдыны ретінде 1952 жылы пайдаланыла бастаған. Ал Медеу спорт кешені ретінде 1972 жылы тұрғызылды.
© Sputnik / Тимур Батыршин Timur Batyrshin
4 / 33
Медеу 10 500 шаршы метрді алып жатыр, бір уақытта 10 мыңнан астам адам сыяды.
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
5 / 33
"Қазақстан" қонақ үйі 1975-1977 жылдары салынған.
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
6 / 33
Ғимарат сәулет ескерткіші ретінде танылып, 1979 жылы республикалық маңызы бар ғимарат қатарына енгізілді.
© Sputnik / Тимур Батыршин
7 / 33
Қонақ үй 26 қабаттан тұрады, биіктігі 102 метр. 1977 жылдан 2008 жылға дейін қонақ үй Алматы қаласының ең биік ғимараты болды.
© Sputnik / Тимур Батыршин Timur Batyrshin
8 / 33
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің ғимараты 1908 жылы белгілі сәулетші А.П. Зенковтың жобасы бойынша салынған.
© Sputnik / Тимур Батыршин
9 / 33
Бұл ғимарат кезінде офицерлер жеке құрамының клубы, Жетісудың I ауылшаруашылық және өндірістік көрмесінің көрме павильоны, пошта-телеграф кеңсесі, "Красная звезда" кинотеатры, офицерлердің жиналыс үйі, аймақтық офицерлер үйі, Орта Азия әскери округі офицерлер үйі қызметін атқарып келді.
© Sputnik / Тимур Батыршин
10 / 33
Вознесенск кафедралы шіркеуі Алматы қаласы 28 гвардиялы-панфиловшылар саябағы ішінде орналасқан. Іргесі 1904 жылы Верный қаласының 50 жылдығына орай қаланған. Құрылысы 1907 жылы 30 шілдеде аяқталғаннан кейін, 1927 жылға дейін діни мекеме ретінде пайдаланылады.
© Sputnik / Тимур Батыршин
11 / 33
1929-1995 жылдары шіркеу мұражай ретінде қолданылады. 1995 жылы орыс православие шіркеуі ретінде қайтадан қайтарылды. 1997 жылы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Республикалық маңызы бар Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерінің құрамына енген.
© Sputnik / Тимур Батыршин
12 / 33
Көктөбе – Алматы қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан төбе. Абсолют биіктігі 1070 метр, салыстырмалы биіктігі 370 метр. Көктөбеде биіктігі 372 метр телевизиялық мұнара, қала тұрғындарының демалыс аймақтары орналасқан.
© Sputnik / Тимур Батыршин
13 / 33
Телевизиялық мұнара 1975 жылдан 1983 жылға дейінгі аралықта салынған. Пайдалануға 1984 жылы берілді.
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
14 / 33
Қазақ мемлекеттік циркі 1970 жылы ұйымдастырылды. Цирктің жеке ғимараты 1972 жылдан бері бар.
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
15 / 33
Қазақ мемлекеттік циркі маңындағы фонтан
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
16 / 33
ҚБТУ ғимараты 1938 жылы салына бастады, алайда соғыс жылдары құрылысы тоқтатылды. Ол тек 1951 жылы қайта басталды, 1957 жылы құрылыс аяқталды. Бұл жер ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің Үкімет үйі болды.
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
17 / 33
Бұл ғимаратта 1991 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. 1997 жылдан 2001 жылға дейін ғимарат Алматы облысы әкімінің резиденциясы ретінде қызмет етті.
© Sputnik / Тимур Батыршин
18 / 33
Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры Абай даңғылының бойында орналасқан. 1928-1963 жылдары қазақ драма театрының өз ғимараты болмады, содан кейін ол қазіргі жас көрермендер театрының ғимаратында орналасты. 1981 жылы шығармашылық ұжым 800 және 250 орындық екі залдан тұратын жаңа ғимаратқа көшті.
© Sputnik / Тимур Батыршин Timur Batyrshin
19 / 33
"Қызыл таң" дүкенін әрбір алматылық біледі. Бастапқыда бұл ғимарат көпес Исхак Ғабдулвалиевке тиесілі болды. Бір нұсқа бойынша үй 1896 жылы, бір болжам бойынша 1912 жылы салынған.
Қалай болғанда да, ғимарат өте қызықты көрінеді және бүгінгі күнге дейін сақталған. 1982 жылдан бастап бұл үй республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып бекітілді.
© Sputnik / Тимур Батыршин Timur Batyrshin
20 / 33
Көк базар – әрбір алматылыққа белгілі жер. Көк базар орнында сауда нүктелері 1868 жылдан бері болған. 1875 жылы сол маңға сәулетші Ян Козелл-Поклевскийдің жобасы бойынша "Керуен сарай" ("Гостиный двор") салынды. Ол жерде екі үлкен павильон болған. Құрылыстың тапсырыс берушісі – сол кездегі қаланың беделді адамдарының бірі семейлік көпес Садық Рафиков. 1887 жылы қалада жойқын жер сілкінісі болып, ол ғимараттан ештеңе қалмады. 1927 жылы "Керуен сарай" қайта салынды, оны "Орталық колхоз базары" деп атады. Алайда жергілікті халық бұл жерді "Көк базар" деп атап кеткен.
70-ші жылдары ағаш базар бұзылды. Оның орнында 1975 жылы кеңестік конструктивизм стилінде жабық ғимарат пайда болды. Жобаның бас сәулетшісі Марк Павлов болды.
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
21 / 33
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы 1967 жылы салынған. Сәулетшісі – Владимир Кацев. 2010 жылы қайта жөндеуден өтті.
© Sputnik / Тимур Батыршин
22 / 33
Республика сарайы ғимараты Алматы қаласының Абай мен Достық даңғылдарының қиылысында орналасқан. Ғимарат алдында Абай алаңы бар, мұнда 1960 Абай ескерткіші орнатылды.
© Sputnik / Тимур Батыршин
23 / 33
Ғимарат 1970 жылы Лениннің 100 жылдығы қарсаңында ашылған. 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметіне кірісуіне байланысты ұлықтау рәсімі осында өткен. Дәл осы жылы ғимарат "Республика сарайы" деп өзгертілді.
© Sputnik / Тимур Батыршин
24 / 33
Қоғам қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсынов тұрған үй де қаладағы ескі нысандар қатарына кіреді. Бұл үйде Ахмет Байтұрсынов 1933-1937 жылдары тұрған.
© Sputnik / Тимур Батыршин
25 / 33
Байтұрсыновтың туғанына 125 жыл толуына орай 1998 жылы мұражай-үйі күрделі жөндеуден өтті.
© Sputnik / Тимур Батыршин
26 / 33
Никольск шіркеуі Алматы қаласында 1908 жылы салынған. Христиандық діни ғимараттың басшысы Александр Скальский 1936 жылы тұтқындалып, жер аударылды. Содан кейін шіркеу қызметі тоқтап, ғимарат музейге айналған.
© Sputnik / Тимур Батыршин
27 / 33
1945 жылы шілдеде Никольск шіркеуі христиандарға қайтарылды.
© Sputnik / Тимур Батыршин
28 / 33
Алматыға алғашқы пойыз 1929 жылдың 19 шілдесінде келді. Уақытша вокзал қаладан 9-10 шақырым жерде орналасты. 1930 жылы Түркістан-Сібір теміржолы бойынша қозғалыс ашылды, ол Алматыны Мәскеумен байланыстырды. Вокзал жобасы 1974 жылы құрылды. Вокзал ғимараты 1976 жылы аяқталды, тәулігіне 6,6 мың жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы болды.
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
29 / 33
Алматы-2 вокзалы орналасқан жерде бұрын зират болған. Қазіргі Абылайхан көшесі бір кездері Старокладбищенская деп аталды. 1921 жылы зират жойылды. Вокзал 1931-1939 жылдары салынды. Мұны Мұхамеджан Тынышпаев ұсынған.
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
30 / 33
Алматы әуежайы 1935 жылы құрылған. Бұл орталық стадион аймағында орналасқан шағын аэродром болды. Әуежайдың жаңа ғимараты Алматы-Мәскеу бағыты бойынша тұрақты ұшулар басталғаннан кейін қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде қайта салынды. 1973 жылы салынған ғимарат 1999 жылға дейін жұмыс істеді. Әуежайдың ескі аэровокзалының ғимараты 1999 жылы 9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні жанып кетті. Өрт аумағы 6,12 мың шаршы метрді құрады.
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
31 / 33
Қазақстан іргелі ғылым орталығы 1946 жылы 1 маусымда КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы негізінде қаланды. Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Қаныш Сәтпаев сайланды.
© Sputnik / Тимур Батыршин
32 / 33
1934 жылдың 24 қыркүйегінде Алматы облыстық ұйғыр музыкалық драма театры ашылды. 1941-1961 жылдары театр Алматы облысы Шелек ауылында жұмыс істеді. 1961 жылы театр Алматыға көшірілді. Алғашында Пушкин көшесінде орналасты. 1969 жылы қазіргі Наурызбай батыр көшесіне ауыстырылды, қазірге дейін осы жерде жұмыс істеп тұр.
© Sputnik / Тимур Батыршин
33 / 33
Ғимарат құрылысы 1980 жылдары басталған. 1991 жылдан 1994 жылға дейін Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаевтың резиденциясы болды. Қазіргі уақытта ғимаратта Алматы қаласының әкімдігі орналасқан.
© Sputnik / Тимур Батыршин