НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында әскерден келген екі сарбаздың арасында ерегіс туып, арты төбелеске ұласты, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
Полиция департаментінің мәліметінше, екі жігіттің көзі бір қызға түседі, содан достарын жинап "мықтыны" анықтамақ болыпты. Оның соңы жаппай қырғынға ұласып, жастар бір-біріне тас лақтырып, төбелеседі. Бірақ ешкім зардап шекпеген, дәрігердің көмегіне жүгінбеген.
"Тас шөкелеудің нәтижесінде бір автокөліктің, тұрақта тұрған әйнегі сынды. Сонынан кейін, жақын дүкенге тағы да зақым келді. Тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігімен іс қозғалды", - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шамшидин Амитов.
Қазір топтық төбелеске қатысқандардың жеке басы анықталып, "бұзақылық" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз: Оралда балалары ренжісіп қалған ата-аналар төбелесті – видео