Оқиға

Рөлді жұлып кетті: Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті

Жол апатының куәгерлері жүргізушіге және оның жолаушыларына көліктен шығуға көмектесті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым - Sputnik. Алматыда әл-Фараби даңғылының бойында болған апат салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Рөлді жұлып кетті: Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті

Куәгерлердің айтуынша, Infiniti көлігі әл-Фараби бойымен шығыс бағытта келе жатады. Ходжанов көшесінен өтіп бара жатып, жүргізуші рөлді басқара алмай қалған. Автокөлік бордюрдің, арықтың үстінен өтіп, содан кейін бар жылдамдықпен ағашқа соғылды. Сөйтіп, көлік айналып келіп арыққа тоқтаған.

Жол апатының куәгерлері соққының қатты болғаны соншалық, машинаның рөлі жұлынып кетті дейді.

Рөлді жұлып кетті: Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті

Көмекке келген куәгерлер зардап шеккендерді көліктен шығарып алуға көмектесті, олардың арасында төрт адам болды. Жолаушылардың біреуі ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Қақ бөлінген: Степногор маңында жеңіл көлік автобуспен соқтығысты – видео

Жол полициясы қызметкерлері мен сот-медициналық сарапшылары оқиға орнында жұмыс істеуде, олар сондай-ақ жүргізушінің алкогольді ішімдік ішіп-ішпегенін анықтайды.