Қоғам

Цой Біртановтың адвокатының соттағы мәлімдемесіне түсініктеме берді

Алексей Цой адвокат Серік Сағалиевтің денсаулық сақтау министрлігі экс-министр Елжан Біртановқа қатысты қажетті дәлелдерді жинау кезінде кедергі жасады дегенін жоққа шығарды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановтың адвокатының мәлімдемесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін сот отырысында адвокат Серік Сағалиев денсаулық сақтау министрлігі экс-министр Елжан Біртановқа қатысты қажетті дәлелдерді жинау кезінде кедергі жасағанын мәлімдеді. Қорғаушы әкімшілік соттың шешімімен ведомствоға айыппұл салынғанын айтқан еді.

Алайда Алексей Цой мұны жоққа шығарып отыр. Айтуынша, министрлікке айыппұл салынған жоқ. Өйткені денсаулық сақтау ведомствосы шағым түсірген, шешім заңды күшіне енген жоқ.

Шенеунік өзі басқаратын министрліктің кейбір құжаттарды неге ұсынбағанын түсіндірді.

"Барлық дерлік негізгі құжаттар тергеу аясында алынды. Сол себепті біз физикалық түрде құжаттарды ұсына алмаймыз, өйткені министрлікте көбінің көшірмесі жоқ. Басқа құқық қорғау органдары да осындай өтінішпен келсе, оларға да бүкіл құжат қолымызда жоқ екенін айтамыз", - деп түсіндірді Цой баспасөз мәслихатында. 

Елжан Біртанов өткен жылдың 30 қазанында күдікті деп танылып, қамауға алынды. Оған "бюджет қаржысын ірі көлемде талан-таражға салды" деген айып тағылып отыр.

6 қарашада сот бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстырды. Экс-министрге медициналық мекемеге баруды қоспағанда, үйден шығуға, телефонмен сөйлесуге, хат-хабарлама жолдауға және байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салды. Сонымен қатар оған отбасы мүшелерінен басқа адамдармен сөйлесуге тыйым салды.

Оқи отырыңыз: Біртановтың адвокаты Тоқаевты куәгер ретінде шақыруды сұрады - сот не шешті

Кейінірек сот Біртановқа "өмірге қажетті іс-әрекеттерді орындау үшін" таңғы 8.00-ден кешкі 19.00-ге дейін үйден шығуға рұқсат берді. Экс-шенеунік үйқамақта болуына қарамастан жұмысқа орналасты.