Екінші орында Солтүстік Корея мен Иран, үшінші позицияда Беларусь Республикасы атап көрсетілсе, төртінші орынға Қытай жайғасты. Алайда НАТО-ға әлемнің тең құқылы, тәуелсіз елдерін іріктеп-сұрыптауға ешкім арнайы өкілеттік бөлген жоқ. Әрі десе альянс ғаламшар тұрғындарының небәрі 10 процентін ғана қамтып отырған ұйым екенін ұмытпау керек.
14 маусымдағы Брюссель саммитінің коммюникесінде "Ресейден төнген қауіп" мәселесіне оннан астам (9 – 15, 25, 46, 50, 54) тармақ арналған. Салыстыру үшін айтсақ, Корея мен Иран жайы жалғыз тармақта (51 және 52) аталса, "қытай қаупі" тек екі (55-56) тармақта көрсетілген.
Сонымен қатар аталған құжатта Мәскеу "өзі басып алған аумақтарды", яғни Украинаға Қырымды, Грузияға Абхазия мен Оңтүстік Осетияны, Молдоваға Приднестровьені қайтаруы керек деген пікір көрсетілген. Олай болмаған жағдайда Брюссельдің "қауіпсіздік саласындағы жағдай ушығатындай әрекеттерге көшетіні" айтылған.
Солтүстікатлантикалық альянс Ресейдің әскери қуаты артып жатқанына алаңдаушылық танытып отыр. Алайда альянс шекарасына Ресей бірінші болып жақындамағанын, НАТО ресейлік шекараға дейін әскерін орналастыруды кеңейткенін де ескерген жөн. НАТО – гуманитарлық ұйым емес, қауқарлы әрі қарулы альянс болғандықтан, Мәскеу мен Минсктің өз аумағын қорғау мақсатында сәйкес әрекетке көшуі заңды.
Жалпы НАТО-ның Ресейге қатысты айыптаулары әлі таусылар емес. "Ресей қарапайым қарулы күштердің тұрақтылықтан айыратын оқу-жаттығуларына көп мән беріп, ядролық қару саласында агрессивті әрекеттерін тоқтатпай отыр" деген мәлімдеме осыған дәлел. Бірақ әлемнің барлық елі өз аумағында әскери маневрге негізделген оқу-жаттығулар өткізсе, НАТО керісінше басқа елдердің аумағында осы шараларды қамтып келеді.
НАТО коммюникесінде былай деп жазылған: "Украинадағы қақтығыс қазіргі жағдайда күн тәртібіндегі бірінші кезектегі мәселе болып отыр". Мәскеуге қатысты айыптаулар қоса ұсынылған. Алайда Ресей Украинадағы азаматтық соғыста өзін дауласушы тарап ретінде санамайды.
Коммюникеде көңіл аударуға тұрарлық тағы бір тармақ бар: "НАТО-ға мүше мемлекеттер Беларусьте 2020 жылдың тамызында басталған оқиғалардың барысына қатты алаңдаушылық танытып отыр. Беларусьтің саясаты мен іс-әрекеті өңірлік тұрақтылыққа қауіп төндіріп отыр". Аймақтағы тұрақтылықты шайқалтатын қандай іс-әрекет жайлы сөз болып отыр? Альянс одан гөрі Франциядағы "сары жилеттердің" қарсылық акцияларына, АҚШ-тағы Капитолийге басып кіргендер жайына алаңдағаны жөн болар еді. Жалпы қаіргі уақытта еш себепсіз жұдырық сілтеуден, асыра айтылған айыптаулардан гөрі тең құқылы тараптар келіссөздер жүргізіп, ымыраға келуі әлем үшін әлдеқайда пайдалы болар еді.