НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым - Sputnik. Атлант мұхитының жағалауына жақын жерде бүкір кит ер адамды жұтып қойды, деп хабарлайды Cape Code Times.
Бұл оқиға өткен аптада жұма күні болған. 56 жастағы аквалангист Майкл Паккард күнделікті кәсібі – омарларды ұстауға шыққан. Кезекті рет суға сүңгіген ол кенеттен біреудің арқадан итеріп жіберген сезді. Одан кейін айналаның бәрі қараңғы болып кетті.
Бас кезінде кәсіби аквалангист акулаға жем болдым деп ойлап қалды. Бірақ денеге өткір тістен жарақат түспегенін түсінді.
"Мен қозғала алатынымды, сосын киттің аузындағы бұлшықеттің жиырылып жатқанын сездім. Шынымды айтсам, енді жарық дүниені көре алмаймын деп ойладым. 12 және 15 жастағы ұлдарым есіме түсті", - дейді америкалық аквалангист.
Алайда Майкл Пиккард киттің асқазанында көп отырған жоқ. Оның айтуынша, 30-40 секунд болған. Осы уақытта аквалангист қатты қозғала бастайды. Кит бірден жайсыздық сезініп, оны түкіріп жіберген. Әріптестері Пиккардты судан алып шығып, ауруханаға апарды.
Оқи отырыңыз: Балықшы теңіз алыбына мініп алды – экстремалды видео
Айта кетейік, христиандардың киелі кітабында осы іспетті оқиға туралы жазылған. Құдай Ион пайғамбарға Ниневия қаласына барып, тұрғындарды тәубеге шақыруға бұйырады. Алайда пайғамбар кемеге мініп, қашып кетеді. Жарты жолда дауыл көтеріледі. Осы кезде кемедегі адамдар өздерінің арасында күнәһар бар деген шешімге келеді. Сөйтіп, жеребе тартады. Соның нәтижесінде Ион пайғамбар ортаға шығады. Ол қашып кеткенін мойындап, өзін мұхитқа тастауды сұрайды. Теңізшілер оның өтінішін орындайды. Мұхитта Иоанды кит жұтып қояды. Алайда үш күннен кейін кит оны құрлыққа түкіріп жібереді.