Видео

Балықшы теңіз алыбына мініп алды – экстремалды видео

Жазылу
Қызыл теңізде экстремалды балықшы жақындап жүзіп келген кит акуласының үстіне мініп алып, ерекше серуен құрды

Видеоны желіде оқиғаға куә болған Сауд Арабиясының тұрғыны жариялады.

Роликтің басында ер адам қайықтың тұмсығына шығып, кит акуласының жүзіп келуін күтіп тұрады.

Содан кейін ол алып балықтың арқасына секіріп мінеді де, жүзбеқанатынан ұстап, ақырын қайықтан алыстайды.

Көңіл көтерудің соңы немен аяқталғаны белгісіз, өйткені "су шабандозы" біраз қашықтыққа жүзіп барған кезде видео аяқталады, ал судан ер адам мінген теңіз алыбының сұлбасы көрінеді.

Жаңалықтар
0