АЛМАТЫ, 14 маусым – Sputnik. Қазақстанда Samruk Qyzmet рекрутингтік онлайн-платформасы іске қосылды.
Бұл платформа KEGOC, "Қазмұнайгаз", "Қазатомөнеркәсіп", "Қазақстан темір жолы", Air Astana, "Қазақтелеком", "Қазпочта" сияқты "Самұрық-Қазына" тобының 170-тен астам компаниясының бос жұмыс орындарын біріктірді.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, онлайн-платформа жұмысы барысында 46 891 ізденуші тіркеліп, 6 535 бос жұмыс орны жарияланды. 1 640 адам жұмысқа орналасты.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында үкіметке өнеркәсіп пен ақпараттық технологиялар саласы арасында өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға атсалысуға тиіс екенін айтты.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жұмыссыз қалған 55 мыңнан астам адамға жәрдемақы төленеді
"Бұл әр саланың цифрлы экожүйесінің қозғаушы күші бола алатын цифрлы технология платформаларын құруға мүмкіндік береді", деді мемлекет басшысы.