19:08 15 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.81
  • EUR517.00
  • RUB5.91
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
10013 0 0

Осы жылы 33 мыңнан астам қазақстандық жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуға алғаш рет өтініш жазды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанда биыл 55,7 мың адам жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы рәсімдеген. Олардың ішінде 33,3 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайды еңбек министрлігі.

Заңға сәйкес, Қазақстанда жұмысынан айырылған адамдарға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем төленеді.

Жәрдемақы мөлшері жоғалған кірістің 40%-інен аспайды.

Төлем алу үшін жұмыстан босатылған жұмыскер мына қадамдарды орындауы шарт:

  • eGov.kz порталына тіркелу;
  • "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
  • онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінім жіберу;
  • бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі. Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін ХЖҚО қызметкері хабарласады.

Жұмыссыз мәртебесін алғаннан кейін азаматтың телефонына төлем алуға келісіп-келіспейтіні туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Келіскен жағдайда SMS-ке жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Тақырып бойынша

Әлеуметтік желіде 50 мың теңгеден берілетіні туралы хабарлама тарап жатыр
Биыл жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алатындар саны өсті
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау қызметі қашан цифрландырылады
"Жаңа жәрдемақы енгізіледі": министр алдағы өзгерістерді жариялады
Кілт сөздер:
жәрдемақы, жұмыссыздық
Загрузка...

Басты тақырып