Фото

Балмұздақ жеген саясаткерлер мен жұлдыздар – фото

Sputnik

Балмұздақ дәмі адам санасында бейқам балалық шақпен байланысты естеліктерді тудырады. Себебі күнде қол жете бермейтін бұл тәттіні ерекше мерекеде, туған күнде немесе отбасылық демалыста ғана сатып алған.

Балмұздақ миллиардтаған адамның сүйікті тәттісіне айналды. Олардың қатарында танымал саясаткерлер, актерлер мен жұлдыздар, тіпті ханзадалар да бар. Sputnik материалынан балмұздақ жеген сәтінде суретке түсіп қалған танымал тұлғаларды тамашалаңыз.

Балмұздақтың тарихы сонау үш мың жылдан бастау алатыны туралы деректер бар. Оған сәйкес, үш мың жыл бұрын Қытайда мұз, қар мен жеміс бөлшектерінен құралған салқын ас берілген. Кейіннен рецепті аса құпия сақталған сүт пен мұздан дайындалған тағам пайда болған. Сондай-ақ Көне Израиль мен Грецияда да салқын десерттер болған. Олар бүгінгінің мұздатылған сусындарына қатты ұқсас болған.

Еуропада мұздатылған сүт қолданылған рецепт XIV ғасырда ғана пайда болды. Ал Францияда бұл рецепт XVI ғасырда қолданылды деген дерек кездескенімен, классикалық балмұздақ десертін дайындауды француздар екі ғасырдан кейін ғана үйренген.

Ал пломбир атауы Пломбьер-ле-Бем атты өндіріс орнымен байланысты қалыптасып кеткен. Стақандағы балмұздақ та Франциядан шыққан.

Ал эскимоны америкалықтар ХХ ғасырдың басында ойлап тапқан. Христиан Нельсон есімді аспаз балмұздақ сыртын шоколадпен қаптауды үйреніп, мұны "эскимос бәліші" деп атаған. Балмұздаққа арналған вафельді стақан да Америкада пайда болған.

Австрияда шоколдақты балмұздақ, Италияда салқындататын сусын – сорбет пайда болған. Ал КСРО-да балмұздақ 1930-жылдардың ортасында азық-түлік комитетінің төрағасы Анастас Микоянның АҚШ-қа сапарынан кейін шығарыла бастады. Кеңестік кондитерлер бұл десерттің өзіндік құны мейлінше арзан болуына мән беріп, балмұздақ әрбір адам үшін бағасы қолжетімді тәттіге айналуын қамтамасыз етті.

1 / 15
Италиялық актриса Мария Грация Кучинотта Риминидегі балмұздақ жәрмеңкесінде салқын десерттен дәм татып тұр. 1998 жылдың 24 қаңтары.
2 / 15
Кливленд Кавальерс - Лос-Анджелес Лейкерс кездесуінде Дональд Трамп эскимо жеп тұр. Бұл танымал кәсіпкер әлем саясатына қадам басқанға дейін түсірілген фото. 2005 жылдың 13 қаңтары.
3 / 15
Германия канцлері Ангела Меркель Мюнхендегі халықаралық азық-түлік көрмесінде тәтті дайындаудан чемпион атанған аспаздың қолымен әзірленген балмұздақтың дәмін көруде. 2015 жылдың 13 наурызы.
4 / 15
Гонконг актері әрі әнші Энди Лау All About Love альбомын таныстырғаннан кейін оған фанаттары үлкен ыдысқа салынған балмұздақты тарту етті. 2005 жылдың 23 тамызы.
5 / 15
Уильям ханзада мен оның жұбайы британдық герцогиня Кэтрин Кембриджская Оңтүстік Уэльстегі дәмханалардың бірінде балмұздақ жеп тұр. 2020 жылдың 4 ақпаны.
6 / 15
Солтүстік Уэльстегі сайлауалды науқан аясындағы кездесуден кейін Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон балмұздақтың көмегімен салқындамақ болды. 2021 жылдың 26 сәуірі.
7 / 15
Болливуд жұлдызы Карина Капур Нью-Делиде балмұздақты бардың ашылуында эскимо жеп суретке түсті. 2015 жылдың 18 ақпаны.
8 / 15
Италиялық саясаткер, бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлускони 2006 жылдың 5 мамырында Неапольде балмұздақтан дәм татып жатыр.
9 / 15
Джо Байден вице-президент қызметін атқарған кезде Америка шаттарында көп кездесу өткізетін. Суретте ол Огайо штатындағы Колумбус базарындағы дәмхананың бірінде үлкен балмұздақ сатып алып тұр.
10 / 15
Omega компаниясының президенті Стивен Уркхарт пен актриса Синди Кроуфорд Мәскеуде OMEGA бутигінің ашылу салтанатында.
11 / 15
Кезінде британдық министрлер кабинетін басқарған Тони Блэр өзіне және мирасқоры Гордон Браунға Гиллингемде балмұздақ сатып алып жатыр. 2005 жылдың 2 мамыры.
12 / 15
АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы, президент сайлауына түскен Хиллари Клинтон Нью-Йоркте праймериз қарсаңындағы кездесулер арасында балмұздақ жеп отыр. 2016 жылдың 18 сәуірі.
13 / 15
Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Халықаралық авиағарыш салонымен танысу барысында балмұздақ жеп келеді. 2019 жылдың 27 тамызы.
14 / 15
Америкалық танымал актриса Белла Торн Лос-Анджелестегі кештердің бірінде балмұздақ жеп тұр. 2013 жылдың 7 қазаны.
15 / 15
АҚШ тарихындағы алғашқы қара нәсілді президент Барак Обама қызы Малиямен бірге Гавайи аралдарындағы демалыста балмұздақ жеп отыр. 2010 жылдың 27 желтоқсаны.