Оқиға

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: ер адамды екі көлік басып өтті

Жүргізушілер екі күн өтпей табылды. Қатарынан екі рет көлік басып өткен азамат қайтыс болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым - Sputnik. Алматы полициясы жол бойында жатқан жаяу жүргіншіні басып өтіп, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен екі жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Еске салайық, қайғылы оқиға 12 маусымға қараған түні болды.

Бақылау камераларының көмегімен қайтыс болған ер адам жолда кетіп бара жатып сүрініп құлап кетіп, асфальтта қозғалмай жатқаны анықталды. Осы кезде жоғары жылдамдықпен келе жатқан шетелдік көліктің жүргізушісі тоқтап үлгермей, ер адамды басып кетеді. Осылайша ол тоқтамастан оқиға орнынан кетіп қалған. Екінші көліктің жүргізушісі де дәл солай жасады.

Кейін белгілі болғандай, жүргізушілердің бірі Шаңырақ-1 шағын ауданындағы Есентай көшесіндегі жеке тұрғын үйдің ауласында көлігін жасырған. 

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: ер адамды екі көлік басып өтті

Екінші көліктің жүргізушісі жол апаты болған Алатау ауданында орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкері болып шықты.

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: ер адамды екі көлік басып өтті

Автокөлік эвакуатордың көмегімен техникалық қызмет көрсету станциясынан шығарылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар – фото

Қазір екі көлік те уақытша сақтайтын тұрақта, ал олардың иелері полицияға түсініктеме алу үшін жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция ұсталғандардың іс-әрекетін қалай квалификациялау керектігін шешуде.