Өңірлер

Алматы коронавирус бойынша "жасыл" аймаққа өтті

Коронавирустың "қызыл" аймағында тек Нұр-Сұлтан қаласы тұр, "сары" аймақта Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары қалды
Sputnik

АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймаққа өтті, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 400 мыңнан асты
Осылайша "қызыл" аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы тұр, "сары" аймақта Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары қалды.

12 маусымдағы жағдай бойынша Алматы қаласы "жасыл" аймаққа өтті. Сондай-ақ "жасыл" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары бар.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1 118 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.