Өңірлер

Алматы коронавирус бойынша "жасыл" аймаққа өтті

© Sputnik / Тимур БатыршинЖенщина проходит мимо входной группы отеля "Алматы"
Женщина проходит мимо входной группы отеля Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2021
Жазылу
Коронавирустың "қызыл" аймағында тек Нұр-Сұлтан қаласы тұр, "сары" аймақта Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары қалды

АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймаққа өтті, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.

Қорғаныш костюмін киген адамдар - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2021
Қоғам
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 400 мыңнан асты
Осылайша "қызыл" аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы тұр, "сары" аймақта Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары қалды.

12 маусымдағы жағдай бойынша Алматы қаласы "жасыл" аймаққа өтті. Сондай-ақ "жасыл" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары бар.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1 118 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Жаңалықтар
0