Қоғам

Танымал қазақстандық рэпер коронавирус жұқтырды

Рэпер науқастанып қалуына байланысты ұйымдастырған музыкалық іс-шара кейінге қалдырылатынын айтты
Sputnik

АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Рэпер Скриптонит (Әділ Жәлелов) коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

"Менің коронавирус инфекциясын жұқтырғаныма байланысты 36 Summer Jam 27 маусымға ауысты. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенеміз. Сатып алынған билеттер ауысқан күнге жарамды", – деп жазды ол.

36 Summer Jam шарасы 13 маусымда Мәскеудегі "Газгольдер" клубында өтеді деп жоспарланған. Шараның ұйымдастырушысы – негізін Скриптонит қалаған Musica 36 лейблы.

Оқи отырыңыз: "Белбеумен байлап тастады": Қазақ әншісі басынан өткен оқиғаны айтып берді

Скриптонит (Әділ Жәлелов (Құлмағамбетов) 1990 жылы 3 маусымда Павлодар қаласының маңындағы Ленин кентінде дүниеге келген. Жасөспірім шағынан музыкамен айналысқан ол 15 жасынан бастап өлең жаза бастады. Алғаш рет өзін 2013 жылы VBVVCTND әніне түсірілген бейнебаян арқылы көрсетті.