Қоғам

"Белбеумен байлап тастады": Қазақ әншісі басынан өткен оқиғаны айтып берді

© Photo : Рixabay/SimonephМикрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2021
Жазылу
Әнші Фариза Ескерместі таксист жүргізушісі зорламақ болған. Алайда ешқандай айғақ болмағандықтан, полицияға арызданбаған

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. "Джейран" тобының экс-мүшесі, әнші Фариза Ескермес Almaty.tv телеарнасындағы "Папарацци" бағдарламасында 10 жыл бұрын басынан өткен сұмдық оқиғаны айтып берді.

Әншінің сөзінше, 18 жасында такси жүргізуші зорламақ болған. Алайда қаскөй сол күйі жауапқа тартылмаған көрінеді. Әнші бұл жағдайды айтуға ұялған.

"18 жасымда Алматыда келеңсіз жайтқа тап болдым. Қазақ жігітінің түрі әлі есімде. Такси жүргізушісі еді. Мен таксиге отырдым. Үйге бара жатқанмын. Ол мені қараңғы бұрышқа әкетіп бара жатты. Көліктің есігі ашылмайды. Ол терезесін бұрап ашатын ескі көлік еді. Митсубиси. Ер адам киімін шешіп тастапты. Ешқашан ер адамды тыржалаңаш көрген жоқпын, шошып кеттім", - дейді ол.

Фариза Ескерместің айтуынша, қаскүнем оны белбеумен байлап тастаған. Сол кезде көліктің терезесін ашып, көмек сұрап үлгеріпті.

"Дауысымды естіп, көмекке жүгіргендер болды. Такси жүргізуші бірден мені сыртқа теуіп жіберді де, қаша жөнелді. Көліктің нөмірін ешкім қарап үлгермеді. Ол жас жігіт еді. Өзі қазақтың жігіті. Түрі әлі есімде", – деп еске алды актриса.

Айтуынша, осы оқиғадан соң қатты шошынып, күйзеліске түскен. Алайда ешқандай айғақ болмағандықтан, полицияға арызданбаған.   

Жаңалықтар
0