НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым - Sputnik. Павлодар облысындағы ауылда Нива автокөлігі 11 жасар бала мінген скутерді қағып кетті. Салдарынан бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Железинка ауылындағы Садовая мен Бабин көшелерінің қиылысында ВАЗ-21214 автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі жол бермей, кәмелетке толмаған бала басқарып отырған скутермен соқтығысты", - деді полициядағылар.
Апат салдарынан кәмелетке толмаған бала жарақаттармен жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы Sputnik Қазақстанға хабарлағандай, 2009 жылы туған бала травматология бөліміне сол жақ жамбасының жабық жарақатымен түсті.
Оқи отырыңыз: Арбадағы сәбиді қақты: Алматы полициясы курьерді іздеп жатыр
Оның жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалады.
Көлік арнайы тұраққа қойылды. Апат фактісі тексеріліп жатыр, дейді полиция.