Оқиға

Арбадағы сәбиді қақты: Алматы полициясы курьерді іздеп жатыр

© AP Photo / Shizuo KambayashiБала арбасы мен әйел, архивтегі сурет
Бала арбасы мен әйел, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2021
Жазылу
Үш күннен бері іздестіріліп жатқан мопед жүргізушісінің кінәсі дәлелденсе, екі жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Алматыда тамақ жеткізумен айналысатын курьер арбадағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Түс кезінде мопед жүргізушісі жоғары жылдамдықпен Төле би даңғылындағы қызыл шамнан өтіп кетіп, жаяу жүргіншілер жолағында әйел адам итеріп келе жатқан балалар арбасын қаққан. Соққының күштілігінен арба аударылып, сәби жерге құлаған.

Жол апатына кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Ал жарақат алған сәби балалар ауруханасына жеткізілді.

"Қазіргі кезде құқық қорғау органының қызметкерлері мопед жүргізушісін іздеп жатыр. Осы оқиғаға байланысты Алмалы ауданының полиция бөлімінде аумақтық құрам бойынша тергеу жүргізілуде", – деді Алматы қалалық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Айта кетейік, бұл оқиға Қылмыстық кодекстің 347-бабы (жол апаты болған жерден кетіп қалу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Заңда айыпталушының кінәсі дәлелденген жағдайда кінәлі адамға екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Немересін аяусыз ұрып-соққан ер адамға қатысты іс неге жабылғаны белгілі болды

Жаңалықтар
0