НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Түркістан облысында тоғызыншы сынып түлегі Эльвира Мықтыбек емтиханнан кейін өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды жергілікті Otyrar.kz порталы.
Ата-анасы қыздарының өлер алдындағы хатын тауып алды. Онда "Анашым, мен сіздердің үміттеріңізді ақтамадым" деп жазылған.
Әйел қызының сыныптастарынан емтиханда не болғанын сұраған. Олардың айтуынша, мектеп директоры қыз "үшке" оқығандықтан, оның балын әдейі төмендетіпті-міс.
Марқұмның анасы, сонымен бірге, оның сынып жетекшісі де болған.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда оқушылар емтиханнан кейін ауруханаға түсті
Ал мектеп директоры оқушыға қысым жасалғанын жоққа шығарып отыр.