Әлем

Франция президентін шапалақпен тартып жіберген ер адам қалай жазаланады – видео

Мемлекет басшысына қол көтерген адам бас бостандығынан айырылып, 45 мың еуро айыппұл төлеуі мүмкін
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Франция президенті Эммануэль Макрон күні кеше болған келеңсіз жағдайға мән бермеуге шақырды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен ол кісімен бірге болған адамдармен амандасуды доғарған жоқпын. Тіпті, олармен бірге фотоға түстім. Мені ештеңе тоқтата алмайды", – деді Макрон. 

Президент халықты осы келеңсіз жағдайға мән бермеуге шақырды. Себебі одан басқа да маңызды мәселелер бар. Ал "наразылық шараларынан қалмайтын агрессивті адамдарға қоғамдық пікірталасты беріп қоймау қажет".

Айта кетейік, күні кеше Эммануэль Макрон келеңсіз жағдайға тап болды. Мемлекет басшысы коронавирустан жапа шеккен мейрамхана саласының өкілдерімен кездесу үшін көліктен шығып қоршаумен бөлінген бір топ адамға жақындағанда бір ер адам оны қолынан ұстап тұрып, бетінен шапалақпен тартып жіберді. Күзет қызметі оны бірден ұстады. 

Қазіргі кезде осы іске қатысты екі адам қамалды. Мемлекет басшысына қол көтерген адам бас бостандығынан айырылып, 45 мың еуро айыппұл төлеуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Макгрегордың жүрісін салған кішкентай балуан желіні шулатты - видео

Ал осы елдің премьер-министрі Жан Кастекс президент Макронға қол көтеруді демократияны қорлаумен тең деді.