Спорт

Макгрегордың жүрісін салған кішкентай балуан желіні шулатты - видео

© AP Photo / John LocherКонор Макгрегор
Конор Макгрегор - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарсыласын жеңген балақай өзін Макгрегор сияқты сезінген

АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Желіде жылдам тарап жатқан видеода кішкентай қазақстандық қарсыласын жеңген соң ММА файтері Конор Макгрегор сияқты жүріп өтті.

Sports.kz хабарлағандай, Қазақстанда грек-рим күресі бойынша турнирде кішкентай "Макгрегор" өзінің кумирінің көпшілікке танымал жүрісін салыпты.  Оған көрермендер ду қол шапалақ соғып, қошемет көрсетті.

Естеріңізге сала кетсек, аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор соңғы кездесуінде Хабиб Нурмагомедовтан жеңіліп қалды. БАҚ бұл кездесуді ғасыр жекпе-жегі деп атаған. Ресейлік төртінші раундта ирландиялық спортшыны қылқындыру әдісімен жеңді.

Сөйтіп, Нурмагомедов орташа салмақта UFC чемпионы болып қалды, ал Макгрегор болса қарымта кездесуді талап етіп отыр.

Жаңалықтар
0