Оқиға

Нұр-Сұлтанда отыздан астам мотоцикл түгі қалмай жанып кетті - фото

Өрттің шығу себебі анықталуда
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым — Sputnik. Нұр-Сұлтанда мотоцикл сататын дүкеннің аумағында өрт шығып, барлық техника өртеніп кетті.

Нұр-Сұлтанда отыздан астам мотоцикл түгі қалмай жанып кетті - фото

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлағандай, өрт 8 маусым күні сағат 11:54-те болған.

"Өрт сөндірушілер Герцен көшесі бойындағы оқиға орнына жедел жетті. Сағат 12:02-де мотоцикл сататын дүкеннің іргелес аумағында 15 шаршы метрде 36 дана мотоцикл мен 1 дана қарда жүретін техниканың жанып жатқаны анықталды.  Өрт сағат 12:09-да толықтай сөндірілді" – деді Талғат Уәли.

Сөндіру жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамынан 10 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.  Өрттің шығу себебі анықталуда.

Оқи отырыңыз: Алматыда базар өртенді – видео

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді.