Оқиға

Алматыда базар өртенді – видео

© Sputnik / СтрингерАлматыдағы "Жібек жолы" базарындағы өрт
Алматыдағы Жібек жолы базарындағы өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтап, сол маңдағы бутиктерді өрттен сақтап қалды

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Алматыда "Жібек жолы" автобөлшектер базарынан өрт шықты. Sputnik Қазақстан тілшісінің хабарлауынша, сегіз контейнер (қосалқы бөлшектер сақталған қоймалар) түгі қалмай жанып кеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Рынок Жибек Жолы горит

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

Оқиға орнына шұғыл қызметтер келді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қаланың төтенше жағдайлар департаменті өрттің себебін анықтап жатыр.

Өрт сөндірушілер сол маңдағы бутиктер мен сауда қатарларын аман сақтап қалды. Алдын ала мәлімет бойынша 80 шаршы метр аумақ отқа оранған.

Жаңалықтар
0