Оқиға

Алматыда екі троллейбус соқтығысты - фото

Троллейбус жүргізушісі жол апатынан зардап шеккенімен, ауруханаға барудан бас тартты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым — Sputnik. Алматыда Достық даңғылында екі троллейбус соқтығысып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматыда екі троллейбус соқтығысты - фото

11-бағдар бойынша жүретін троллейбус аялдамада тұрған. Жолаушыларды түсіргеннен кейін ол орнынан қозғалмақ болғанда 25-бағдарлы троллейбус қатты жылдамдықпен келіп оған соғысқан.

Оқи отырыңыз: Үстінен ұшып өтті: Алматыда самокат пен көлік соқтығысты – видео

Жол апаты салдарынан 25-ші автобустың рөлінде болған жүргізуші зардап шегіп, оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері оны тексерді. Алайда ол ауруханаға барудан бас тартты.

Алматыда екі троллейбус соқтығысты - фото

Троллейбустардың ішінде болған жолаушыларға еш зақым келген жоқ. Полиция қызметкерлері жол апатына қатысты мән-жайды анықтап жатыр.