Қоғам

Үстінен ұшып өтті: Алматыда самокат пен көлік соқтығысты – видео

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуСамокат
Самокат - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2021
Жазылу
Полицияның мәліметінше, қазіргі кезде аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Алматыдағы Абай даңғылының бойында самокат пен жеңіл көлік соқтығысты.

1 маусымда болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Ол жерде самокат тізгіндеген ер адам бағдаршамның жанып-өшкен жасыл шамына мән бермей, Абай даңғылымен келіп, Тілендиев көшесін қиып өтуге тырысқан. Алайда, солға қарай бұрылып жатқан көлік жүргізушісі жұлдыздай ағып келген самокаттың жолына көлденеңінен тұрып қалған. 

Қатты соққының әсерінен самокат жүргізушісі, көліктің үстінен ұшып өтіп, жерге құлаған. Кейін ол ауруханаға жеткізілді.

Полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ал Алматы аудандық полиция бөлімінің хабарлауынша, жарақат алған адам 1975 жылы туған.

Оқи отырыңыз: Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты: жүргізуші апат орнынан қашып кетті

Бұған дейін Sputnik Қазақстан тілшілері Алматыдағы веложолдардың қауіпсіздігін тексерген болатын. Аранйы репортажды мына сілтемеге өтіп қарауға болады.

Жаңалықтар
0