Қоғам

Қазақстанда 26 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Республикада аурушаңдық бірнеше күн қатарынан төмендеп келе жатса да, өлім-жітім, керісінше, өсіп барады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда 20 адам коронавирус инфекциясынан, тағы алты адам COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан коронавирус бойынша "жасыл" аймаққа өтті
Жуырда коронавирус пен пневмониядан 21 науқастың қайтыс болғаны хабарланған еді.

Ресми мәлімет бойынша коронавирустан барлығы 4 096 адам көз жұмды, ковидтік пневмония 3 395 пациенттің өмірін қиды.

Қазақстанда өткен тәулікте 768 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды. Бір күн бұрын республика бойынша коронавируспен ауырған адамдардың саны 989 болған еді.