АЛМАТЫ, 7 маусым – Sputnik. Қазақстанда Covid-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша матрицаны жаңартты.
Соған сәйкес, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан шығып, "жасыл" аймаққа ауысты.
- Қазір ел бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысы қалды.
- "Сары" аймақта Алматы қаласы, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облысы тұр.
- "Жасыл" аймақта Шымкент қаласы мен Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облысы бар.
Оқи отырыңыз: ДДСҰ басшысы қазақстандық вакцина туралы мәлімдеме жасады
Айта кетейік, Қазақстанда соңғы тәулікте 989 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.