Қоғам

Вице-министр бірінші сынып оқушылары үшін қандай өзгеріс болатынын айтты

БҒМ ақпаратынша, бірінші сынып оқушылары үшін формативті және жиынтық бағалаудан тұратын критериалды бағалау енгізіледі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова жаңа оқу жылында бірінші сынып оқушыларының білімі қалай бағаланатынын айтты.

Ол 2020 жылдан бастап бірінші сынып оқушыларына баға қоймау туралы шешім қабылданғанын еске салды. Алайда бұл пандемия кезінде қашықтан оқыту форматына ауысумен байланысты емес.

"Шешім шектеу шараларының шарттарымен сәйкес келді. Шын мәнісінде болашақта бірінші сынып оқушыларына баға қойылмайды. Бұл мәселеге қатысты әлемдік тәжірибе де зерделенді. Көптеген жетекші дамыған елдер осылай жұмыс істейді", - деп түсіндірді ол.

Айтуынша, бүлдіршіндер үшін критериалды бағалау жүйесі енгізіледі. Ол формативті (күн сайынғы жетістіктер) және жиынтық (бөлімдер мен тоқсан бойынша) бағалаудан тұрады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда орыс тілді мектептер неге азайып жатыр – министрдің жауабы

"Биыл қашықтан оқыту басталғанда, ата-аналар көру үшін балалардың күн сайынғы жетістіктерін тіркеп отырдық. Сол себепті ережелерге өзгеріс енгізілді: күн сайын баллмен бағалау. Бұл дәл биылғы оқу жылының ерекшелігі еді", - дейді вице-министр.

Ата-аналарды, балалар мен мұғалімдерді бағаның өзі емес, оқу жетістіктері –оқушылардың білімі қаншалықты өскені қызықтыруға тиіс, деп түйіндеді сөзін Қаринова.