Қоғам

Қазақстан коронавирус бойынша "жасыл" аймаққа өтті

Өткен тәулікте еліміз бойынша 989 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл бір күн бұрынғы статистикамен салыстырғанда көрсеткіш әлдеқайда жақсарғанын көрсетеді
Sputnik

АЛМАТЫ, 7 маусым – Sputnik. Қазақстанда Covid-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша матрицаны жаңартты.

Соған сәйкес, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан шығып, "жасыл" аймаққа ауысты.

  • Қазір ел бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысы қалды.
  • "Сары" аймақта Алматы қаласы, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облысы тұр.
  • "Жасыл" аймақта Шымкент қаласы мен Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облысы бар.

Оқи отырыңыз: ДДСҰ басшысы қазақстандық вакцина туралы мәлімдеме жасады

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы тәулікте 989 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.