Қоғам

Қазақстан үш елмен әуе рейстерін көбейтті

7 маусымнан бастап Қазақстаннан Түркияға рейстер саны көбейеді, қазақстандықтар Антальяға аптасына 8 рет ұша алады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Қазақстан Түркия, Өзбекстан және Беларусьпен арадағы халықаралық рейс санын көбейтеді. Бұл шешімді Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.

2021 жылдың 7 маусымнан бастап қазақстандықтар Антальяға аптасына 8 рет ұша алады.

Сондай-ақ, Өзбекстанмен арада Алматы – Наманған, Ақтау – Нүкіс, Ақтөбе – Нүкіс, Ақтөбе – Самарқанд бағыттарында аптасына 2 тұрақты рейстен ашылады.

Алматы – Минск бағыты бойынша әр тараптан аптасына 2 рейстен орындалады, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Бұл бағыттар бойынша "Эйр Астана", SCAT, Turkish Airlines, "Узбекские авиалинии" және "Белавиа" әуе компаниялары ұшады деп жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Түркістан-Бішкек арасында жаңа әуе рейсі ашылды

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және шет мемлекеттің тиісті билік орындарымен келісім бойынша орындалады.