Қоғам

Түркістан-Бішкек арасында жаңа әуе рейсі ашылды

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиТуркестан, виды города
Туркестан, виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2021
Жазылу
Жаңа халықаралық рейс түркі әлемінің рухани астанасы мен Қырғызстанның бас қаласы Бішкек арасын жалғайды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр - Sputnik. Fly Arystan әуе компаниясы Түркістан қаласынан Бішкекке жаңа халықаралық рейсті іске қосады. Түркістан-Бішкек рейсі А-320 әуе кемесімен аптасына 2 рет орындалады.

Дүйсенбі күні орындалған алғашқы рейсте орташа коммерциялық жүктеме 60%-тен асты.

Естеріңізге салсақ, Түркістан түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланды. Түркістан халықаралық әуежайы өткен жылдың 1 желтоқсанында ашылды. 

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар пандемия кезінде қай елдерге ұша алады

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Жаңалықтар
0