Әлемдегі ең ірі гейзер алқабы Ресейде, Камчатка өлкесінде, Кроноцк мемлекеттік биосфералық қорығының аумағында орналасқан.
Гейзерлер алқабының сырт бейнесі тереңдетілген вулкан каньонына ұқсайды. Оның шатқалдарында Гейзер өзені ағып жатыр. Өзеннің жағасында суы айрықша ыстық бастау көздері, батпақты қазандықтар бар және ол сарқырама мен өзендергі толы. Сондай-ақ мұнда әлі сөнбеген вулкан саны да өте көп.
Каньон аумағы табиғаттың тынымсыз тіршілігіне толы. Мұнда биологиялық жүйелердің күрделілігіне жергілікті климат пен айрықша табиғаттың арқасында қол жетіп отыр.
Мұндай көз тоймас сұлулық туристердің үлкен қызығушылығына ие. Алайда Гейзерлер алқабында болған кезде қауіпсіздік шараларын сақтамау өміріңізге тікелей қауіп төндіруі мүмкін. Мұнда аяқ астынан бұрқ ете қалатын қайнаған фонтандар, жыртқыш аңдар жетерлік.
Гейзер алқабының мінсіз сұлулығы бейнеленген суреттер топтамасын біздің материалдан тамашалаңыз.