Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Қайнаған фонтан мен жыртқыш аң: Камчаткадағы гейзерлер алқабы – фото

Жазылу
Гейзерлер алқабындағы саяхат ережелерді сақтамаған туристер үшін қауіпті демалысқа айналуы мүмкін

Әлемдегі ең ірі гейзер алқабы Ресейде, Камчатка өлкесінде, Кроноцк мемлекеттік биосфералық қорығының аумағында орналасқан.

Гейзерлер алқабының сырт бейнесі тереңдетілген вулкан каньонына ұқсайды. Оның шатқалдарында Гейзер өзені ағып жатыр. Өзеннің жағасында суы айрықша ыстық бастау көздері, батпақты қазандықтар бар және ол сарқырама мен өзендергі толы. Сондай-ақ мұнда әлі сөнбеген вулкан саны да өте көп.

Каньон аумағы табиғаттың тынымсыз тіршілігіне толы. Мұнда биологиялық жүйелердің күрделілігіне жергілікті климат пен айрықша табиғаттың арқасында қол жетіп отыр.

Мұндай көз тоймас сұлулық туристердің үлкен қызығушылығына ие. Алайда Гейзерлер алқабында болған кезде қауіпсіздік шараларын сақтамау өміріңізге тікелей қауіп төндіруі мүмкін. Мұнда аяқ астынан бұрқ ете қалатын қайнаған фонтандар, жыртқыш аңдар жетерлік.

Гейзер алқабының мінсіз сұлулығы бейнеленген суреттер топтамасын біздің материалдан тамашалаңыз.

© Sputnik / Ewgeniy Neskoromniy / Медиабанкке өтуГейзерлер алқабы – экологиялық туризмге арналған айрықша нысан. Туристердің келуі үшін Гейзерлер алқабы 1993 жылы ашылды.
Долина гейзеров на Камчатке - Sputnik Қазақстан
1/14
Гейзерлер алқабы – экологиялық туризмге арналған айрықша нысан. Туристердің келуі үшін Гейзерлер алқабы 1993 жылы ашылды.
© Sputnik / Alexey Kudenko / Медиабанкке өтуГейзерлер алқабындағы экскурсиялық бағдар аса қатты ыстық бастаулардың жанынан өтеді. Сондықтан соқпақ жолдан шығуға қатаң тыйым салынған. Суретте: әйел адам Мутнов вулканының бөктеріндегі гейзерлер алқабындағы жолмен жүріп келеді.
Женщина идет по тропинке в долине гейзеров на одном из склонов Мутновского вулкана - Sputnik Қазақстан
2/14
Гейзерлер алқабындағы экскурсиялық бағдар аса қатты ыстық бастаулардың жанынан өтеді. Сондықтан соқпақ жолдан шығуға қатаң тыйым салынған. Суретте: әйел адам Мутнов вулканының бөктеріндегі гейзерлер алқабындағы жолмен жүріп келеді.
© Sputnik / Alexander Diakov / Медиабанкке өтуҚорықтағы туристерге арналмаған аумаққа бас сұққанда ыстық судың жоғары температурасынан бөлек тағы бір қауіпке кездесу ықтималдылығы жоғары. Бұл – жыртқыш аңдар. Жыл сайын мамыр-маусым айларында қорық аумағында "тыныштық айы" жарияланады. Бұл күйлеу кезеңінде жануарларды мазаламау үшін және туристерді жыртқыш аңдардан төнуі мүмкін қауіптерден қорғау үшін жасалған. Суретте: Гейзерлер алқабындағы туристер.
Долина гейзеров на Камчатке - Sputnik Қазақстан
3/14
Қорықтағы туристерге арналмаған аумаққа бас сұққанда ыстық судың жоғары температурасынан бөлек тағы бір қауіпке кездесу ықтималдылығы жоғары. Бұл – жыртқыш аңдар. Жыл сайын мамыр-маусым айларында қорық аумағында "тыныштық айы" жарияланады. Бұл күйлеу кезеңінде жануарларды мазаламау үшін және туристерді жыртқыш аңдардан төнуі мүмкін қауіптерден қорғау үшін жасалған. Суретте: Гейзерлер алқабындағы туристер.
© Sputnik / Alexey Kudenko / Медиабанкке өту2007 жылы Гейзерлер алқабында үлкен экологиялық апат болды. Жойқын сел тасқынынан кейін бірнеше геотермалды бастау көздері үйінділер астында қалып, базальтты жартастар қиратылды. Қазір олардың біразы қайта қалпына келді. Суретте: 2007 жылы сел тасқыны нәтижесінде пайда болған Гейзер көлінің келбеті.
Вид на озеро Гейзерное в Долине Гейзеров в Кроноцком государственном природном биосферном заповеднике на Камчатке - Sputnik Қазақстан
4/14
2007 жылы Гейзерлер алқабында үлкен экологиялық апат болды. Жойқын сел тасқынынан кейін бірнеше геотермалды бастау көздері үйінділер астында қалып, базальтты жартастар қиратылды. Қазір олардың біразы қайта қалпына келді. Суретте: 2007 жылы сел тасқыны нәтижесінде пайда болған Гейзер көлінің келбеті.
© Sputnik / Alexey Kudenko / Медиабанкке өтуСуретте: Гейзерлер алқабындағы Жемчужный гейзерінің атқылауы.
Извержение гейзера Жемчужный в Долине Гейзеров в Кроноцком государственном природном биосферном заповеднике на Камчатке - Sputnik Қазақстан
5/14
Суретте: Гейзерлер алқабындағы Жемчужный гейзерінің атқылауы.
© Sputnik / Alexey Kudenko / Медиабанкке өтуГейзердің су атқылау процесі бірнеше кезеңнен тұрады: грифон суға толтырылады, одан кейін гейзер арнасынан су шығады, булы-сулы қоспаның атқылауы, буға айналуы және тыныштық кезеңі. Гейзерлердің айналасында террасалар, конустар, алаңшалар болады, олардың барлығы судағы кремнийлі шөгінді – грейзерит арқылы түзіледі. Суретте: Гейзерлер алқабындағы Большой гейзерінің атқылауы.
Извержение гейзера Большой в Долине Гейзеров в Кроноцком государственном природном биосферном заповеднике на Камчатке - Sputnik Қазақстан
6/14
Гейзердің су атқылау процесі бірнеше кезеңнен тұрады: грифон суға толтырылады, одан кейін гейзер арнасынан су шығады, булы-сулы қоспаның атқылауы, буға айналуы және тыныштық кезеңі. Гейзерлердің айналасында террасалар, конустар, алаңшалар болады, олардың барлығы судағы кремнийлі шөгінді – грейзерит арқылы түзіледі. Суретте: Гейзерлер алқабындағы Большой гейзерінің атқылауы.
© Sputnik / Maria Vashuk / Медиабанкке өтуГейзерная және Шумная өзендерінің сағасында шамамен екі шаршы километр аумақта 20-ға жуық ірі гейзер мен су көздері бар. Олардан оқтын-оқтын ыстық су мен бу атқылайды. Суретте: Камчаткадағы Кроноцк мемлекеттік табиғи биофсера қорығындағы өзендердің бірі.
Вид на одну из рек в Кроноцком государственном природном биосферном заповеднике на Камчатке - Sputnik Қазақстан
7/14
Гейзерная және Шумная өзендерінің сағасында шамамен екі шаршы километр аумақта 20-ға жуық ірі гейзер мен су көздері бар. Олардан оқтын-оқтын ыстық су мен бу атқылайды. Суретте: Камчаткадағы Кроноцк мемлекеттік табиғи биофсера қорығындағы өзендердің бірі.
© Sputnik / Alexey Kudenko / Медиабанкке өтуГейзерлер алқабы Петропавл-Камчаткадан солтүстік-шығыста 180 километр жерде орналасқан. Бұл ені екі километр және ұзындығы төрт километрден сәл асатын аумақтағы жанартау каньоны. Суретте: Камчаткадағы Кроноцк мемлекеттік табиғи биофсера қорығындағы Гейзерлер алқабында орналасқан Гейзерная өзені.
Долина Гейзеров в Кроноцком заповеднике на Камчатке - Sputnik Қазақстан
8/14
Гейзерлер алқабы Петропавл-Камчаткадан солтүстік-шығыста 180 километр жерде орналасқан. Бұл ені екі километр және ұзындығы төрт километрден сәл асатын аумақтағы жанартау каньоны. Суретте: Камчаткадағы Кроноцк мемлекеттік табиғи биофсера қорығындағы Гейзерлер алқабында орналасқан Гейзерная өзені.
© Sputnik / Alexey Kudenko / Медиабанкке өту1996 жылы Гейзерлер алқабы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұралар тізіміне "Камчатка вулкандары" табиғи кешенінің құрамына енді. Суретте: Камчаткадағы Кроноцк мемлекеттік табиғи биофсера қорығындағы Гейзерлер алқабында орналасқан Утиные өзера маңынан өтіп бара жатқан туристер.
Туристы проходят около Утиных озер в Долине Гейзеров в Кроноцком государственном природном биосферномй заповеднике на Камчатке - Sputnik Қазақстан
9/14
1996 жылы Гейзерлер алқабы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұралар тізіміне "Камчатка вулкандары" табиғи кешенінің құрамына енді. Суретте: Камчаткадағы Кроноцк мемлекеттік табиғи биофсера қорығындағы Гейзерлер алқабында орналасқан Утиные өзера маңынан өтіп бара жатқан туристер.
© Sputnik / Alexey Kudenko / Медиабанкке өтуКроноцк биофсера қорығында Гейзерлер алқабынан бөлек ыстық көлдер, сарқырамалар, батпақты қазандықтар және әлі де сөнбеген 12 вулкан бар. Суретте: Гейзерлер алқабындағы "Косичка" сарқырамасы.
Долина Гейзеров в Кроноцком заповеднике на Камчатке - Sputnik Қазақстан
10/14
Кроноцк биофсера қорығында Гейзерлер алқабынан бөлек ыстық көлдер, сарқырамалар, батпақты қазандықтар және әлі де сөнбеген 12 вулкан бар. Суретте: Гейзерлер алқабындағы "Косичка" сарқырамасы.
© Sputnik / Alexey Kudenko / Медиабанкке өтуКеңес жылдарында "Санников жері" атты танымал фильм дәл осы Гейзерлер алқабында түсірілген. Суретте: Камчаткадағы Кроноцк мемлекеттік табиғи биофсера қорығындағы Гейзерлер алқабындағы Грозный батпақты қазандығы.
Долина Гейзеров в Кроноцком заповеднике на Камчатке - Sputnik Қазақстан
11/14
Кеңес жылдарында "Санников жері" атты танымал фильм дәл осы Гейзерлер алқабында түсірілген. Суретте: Камчаткадағы Кроноцк мемлекеттік табиғи биофсера қорығындағы Гейзерлер алқабындағы Грозный батпақты қазандығы.
© Sputnik / Alexey Kudenko / Медиабанкке өтуГейзерлер алқабы - Тынық мұхитының Кроноцк шығанағына түсетін Гейзерная өзенінің алқабындағы Камчаткада орналасқан және Кроноцк мемлекеттік табиғи биофсера қорығының құрамына кіретін геотермалы қорық. Суретте: Камчаткадағы Кроноцк мемлекеттік табиғи биофсера қорығындағы Гейзерлер алқабындағы Аверий бұлағы.
Долина Гейзеров в Кроноцком заповеднике на Камчатке - Sputnik Қазақстан
12/14
Гейзерлер алқабы - Тынық мұхитының Кроноцк шығанағына түсетін Гейзерная өзенінің алқабындағы Камчаткада орналасқан және Кроноцк мемлекеттік табиғи биофсера қорығының құрамына кіретін геотермалы қорық. Суретте: Камчаткадағы Кроноцк мемлекеттік табиғи биофсера қорығындағы Гейзерлер алқабындағы Аверий бұлағы.
© Sputnik / Maria Vashuk / Медиабанкке өтуСуретте: Камчаткадағы Кроноцк мемлекеттік табиғи биофсера қорығындағы Гейзерлер алқабында Великан гейзерінің атқылауы.
Извержение гейзера Великан в Долине Гейзеров в Кроноцком государственном природном биосферном заповеднике на Камчатке - Sputnik Қазақстан
13/14
Суретте: Камчаткадағы Кроноцк мемлекеттік табиғи биофсера қорығындағы Гейзерлер алқабында Великан гейзерінің атқылауы.
© Sputnik / Alexey Kudenko / Медиабанкке өтуІрі гейзерлердің шоғырлануы ғаламшарда тек үш жерде орналасқан – Исландияда, Жаңа Зеландияда және АҚШ-та. Бірақ Камчаткадағы алқап мұнда шағын аумақта термоқұбылыстың барлық түрін көруге болатынымен ерекшеленеді. Суретте: Камчаткадағы Кроноцк мемлекеттік табиғи биофсера қорығындағы Гейзерлер алқабындағы тікұшақ қонатын алаң жанында тұрған туристер.
Туристы у вертолетной площадки в Долине Гейзеров в Кроноцком заповеднике - Sputnik Қазақстан
14/14
Ірі гейзерлердің шоғырлануы ғаламшарда тек үш жерде орналасқан – Исландияда, Жаңа Зеландияда және АҚШ-та. Бірақ Камчаткадағы алқап мұнда шағын аумақта термоқұбылыстың барлық түрін көруге болатынымен ерекшеленеді. Суретте: Камчаткадағы Кроноцк мемлекеттік табиғи биофсера қорығындағы Гейзерлер алқабындағы тікұшақ қонатын алаң жанында тұрған туристер.
Жаңалықтар
0