Видео

Сау-тамтығы қалмады: БелАЗ жол талғамайтын көлікті басып кетті – видео

Қарағанды ​​облысының полиция басқармасы кен орнындағы көлік апатының салдарын зерттегеннен кейін екіұшты қорытындыға келді
Sputnik

Ведомство өкілдері апатқа жөндеу тобының жол талғамайтын көлігінің жүргізушісі кінәлі деп отыр.

Қарағанды ​​облысындағы ашық кен орнында жұмыс істейтін алып самосвал  жөндеу тобы мініп келген келген жол талғамайтын көлікті жаншып кетті. Жөндеу бригадасының мамандары самосвалдың кондиционер жүйесін тексеріп, ретке келтіруі тиіс болған. Сол мақсатпен олар алып БелАЗ-ға тым жақын қашыққа таяған.

Видеодан жөндеу бригадасы көлігінің сау тамтығы қалмағанын көруге болады.

Оқи отырыңыз: Армениялық спортшы саусақпен автобусты жылжытты - видео

Полицейлер жеңіл көлік жүргізушісін кінәлі деп танып, оның әрекетін абайсызда қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін жағдай деп бағалады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Suzuki X7 самосвалға фреон құю үшін қауіпті аумаққа өткен. 47 жастағы БелАЗ жүргізушісі қозғала бастағанда, көлік "көрінбейтін аймақта" болған. Көліктің сау-тамтығы қалмағанымен, салондағы адамдар шығып үлгерген.

Қазіргі кезде бұл оқиға тергеп, тексерілуде. Тиісті сараптама нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.