НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1385 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан - 272,
- Алматы - 203,
- Шымкент - 54,
- Ақмола облысы - 76,
- Ақтөбе облысы - 41,
- Алматы облысы - 65,
- Атырау облысы - 72,
- Шығыс Қазақстан облысы - 85,
- Жамбыл облысы - 17,
- Батыс Қазақстан облысы - 95,
- Қарағанды облысы - 205,
- Қостанай облысы - 39,
- Қызылорда облысы - 8,
- Маңғыстау облысы - 46,
- Павлодар облысы - 63,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 26,
- Түркістан облысы - 18.
Пандемия басталғалы республикада коронавирус инфекциясын 390 376 қазақстандық жұқтырды.
Оқи отырыңыз: Вакцинадан кейін қолы құрысып қалған: желіде видеосы тараған оқиғаның мән-жайы анықталды
Қазақстанда вакциналау науқаны биыл 1 ақпанда басталды. Бүгінде азаматтар отандық QazVac, "Спутник V", Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары арасында таңдау жасай алады.