Қоғам

Ауа райы күрт өзгереді – синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

3-5 маусым күндері күн салқындайды. Кей өңірде жауын-шашын, жел мен бұршақ күтіліп отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 3-5 маусымға болжам жасады.

"Оңтүстік циклонның ықпалымен жаңбыр, республиканың жекелеген аудандарында қатты жаңбыр жауады. Бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін", -  деп жазылған хабарламада.

4 маусымнан бастап антициклонның ығысуына байланысты республиканың солтүстік өңірінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі болжанады.

Ауа температурасы түнде плюс 2-7, күндіз 10-20 градус жылы болады.   

Оқи отырыңыз: Маусымда ауа райы қандай болады

Оңтүстік аймақтарда термометр бағаны түнде 10-22, күндіз 28-35 градус жылылықты көрсетеді.