НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 3-5 маусымға болжам жасады.
"Оңтүстік циклонның ықпалымен жаңбыр, республиканың жекелеген аудандарында қатты жаңбыр жауады. Бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
4 маусымнан бастап антициклонның ығысуына байланысты республиканың солтүстік өңірінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі болжанады.
Ауа температурасы түнде плюс 2-7, күндіз 10-20 градус жылы болады.
Оқи отырыңыз: Маусымда ауа райы қандай болады
Оңтүстік аймақтарда термометр бағаны түнде 10-22, күндіз 28-35 градус жылылықты көрсетеді.