Қоғам

Ұлттық халық санағы: маусымда дайындық кезеңі өтеді

1-ші кезең үшін барлығы 5 405 интервьюер және 773 нұсқаушы-бақылаушы тартылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр - Sputnik. 2021 жылғы Ұлттық санағының алдында, маусым айында Қазақстанның барлық елді мекенінде дайындық кезеңі жүргізіледі. Бұл туралы Sputnik Қазақстан Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

"1-30 маусым аралығында тіркеушілер әрбір елді мекен бойынша тұрғын жайлар, тұрғын үйлер және тұрғын үй ретінде пайдаланылатын тұрғын емес орындардың барлығын аралап, олардың тізімін және тұрақты тұратын тұрғындардың санын нақтылайтын болады", - делінген хабарламада.

Мұндай тізімдер қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын нұсқаушылық және есеп учаскелеріне дұрыс бөлу және тұрғын санын екінші кезең санағына, яғни аудандастыру үшін санақ қызметкеріне жүктеме көлеміне сәйкес біркелкі бөлу үшін қажет. Сондай-ақ бұл санақ кезінде тұрғындар есебін толықтай қамтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта уақытша санақ қызметкерлерін тарту және оқыту жөніндегі жұмыстар аяқталуда, мұнда 1 кезең интервьюерлері мен 1 кезең нұсқаушы-интервьюерлері тартылатын болады.

1-ші кезең үшін барлығы 5 405 интервьюер және 773 нұсқаушы-бақылаушы тартылады. Нысандарды аралау кезінде интервьюерлер өздерін таныстырып, тегін айтулары және санақ интервьюерінің куәлігін көрсетуі керек. Олар келуінің мақсатын нақты және қысқаша түсіндіріп, сол үй-жайда тұрақты тұратындардың мекен-жайларын және санын сұрайды.

Оқи отырыңыз: Санақ жүргізушілер қазақстандықтардан не туралы сұрайды

2021 жылдың ұлттық санағының негізгі кезеңі 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі аралықта өтеді. Оған онлайн режимде де, сондай-ақ дәстүрлі тәсілмен де қатысуға болады.