Қоғам

"Бұл фейк": Иманбек өз атынан парақша ашқан алаяқтардың жымысқы әрекеті туралы айтты

Ақсулық диджей желідегі оқырмандарына жаңа әлеуметтік желінің авторлары оның рұқсатынсыз фотосы мен атын қолданғанын айтты. Сол себепті алданып қалмауға кеңес берді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Музыка саласындағы Grammy сыйлығының иегері қазақстандық Иманбек Зейкенов желідегі оқырмандарын bitclout.com жобасының қолданушысы емес екенін айтты.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Иманбек атынан криптовалютаны сатып алғысы келетіндерге арналған жарнама фотосын жариялады.

"Бұл фейк. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз", - деп жазды диджей.

BitClout әлеуметтік желісі наурыздың соңында іске қосылды, ол блокчейн технологиясы негізінде жұмыс істейді және Twitter-дің аналогы саналады.

"Бұл фейк": Иманбек өз атынан парақша ашқан алаяқтардың жымысқы әрекеті туралы айтты

Пайдаланушы профиліне валюта тіркелген, оның құны адамның қаншалықты танымал болғанына байланысты.

Оқи отырыңыз: Imanbek қуанышты жаңалығын бөлісті

Кейбіреу жаңа жобаны Twitter-дің қолданушыларын бұғаттауына қатысты жауабы деп қабылдаса, енді бірі кезекті қаржы пирамидасы деп санайды.

Айта кетейік, мұндай жағдайға тап болған жалғыз Иманбек емес. Бұған дейін жобаны әзірлегендер Twitter-ден 15 мың негізгі аккаунтты алып, атақты адамдардың рұқсатынсыз олардың атымен BitClout-та парақша ашқан.